Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері»
10
март
2026
«Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері»
Мектебімізде «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері» тақырыбында мектеп инспекторы 4-сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, түрлі қауіп-қатердің алдын алу және дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту. Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндіріліп, бейтаныс адамдармен сөйлесу кезінде сақ болу, жеке мәліметтерді жарияламау және күмәнді жағдайларда үлкендерден көмек сұрау қажеттілігі айтылды.
«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
06
март
2026
«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» жобасы аясында мектебімізде қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру мақсатында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақ халқының бай мұрасын насихаттады. Салт-дәстүрлер туралы мағлұмат беріліп, олардың тәрбиелік мәні түсіндірілді. Оқушылар көріністер көрсетіп, ұлттық дәстүрлерді сахналау арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Бұл іс-шара жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырып, ұлттық мәдениетке
«Арулар – әлемнің нәзік үні» атты мерекелік іс-шара
06
март
2026
«Арулар – әлемнің нәзік үні» атты мерекелік іс-шара
Мектебімізде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар – әлемнің нәзік үні» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кеш барысында оқушыларымыз аналар мен ұстаздарға арнап әсем әндер айтып, мың бұрала би билеп, жүрекке жылы әсер сыйлады. Әрбір номер нәзіктік пен мейірімге толы болды. Сонымен қатар, мектеп әкелері мен оқушылар бірлесіп «Сұлу қыздар» әнін хор болып орындап, кештің көркін одан әрі аша түсті. Бұл ерекше сәт көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап, мерекенің маңызын
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңі
06
март
2026
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңі
«Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде 5-сынып оқушыларынан құралған командамыз жүлделі II орынға ие болды!
«Ана – өмірдің көктемі»
05
март
2026
«Ана – өмірдің көктемі»
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Тажмахан Адия Ержанқызының ұйымдастыруымен 3 «А» сынып оқушылары аналарға арнап «Ана – өмірдің көктемі» атты ерекше мерекелік іс-шара өткізді.✨ Шара барысында бүлдіршіндер аналарға деген ыстық ықыласын ән мен жырға қосып, жүрекжарды өлеңдерін оқып, өз өнерлерін паш етті. Әрбір номер аналарға деген құрмет пен шексіз махаббаттың белгісіндей әсерлі болды.