Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»
20
апрель
2026
«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»
Сәуір айында мектебімізде «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында “Адал ұрпақ” ұйымының мүшелері мен 7-сынып оқушыларының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. ✨ Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің бойында адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау.
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу»
11
март
2026
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу»
2026 жылдың наурыз айында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы К.Колбасовтың қатысуымен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау мен әлімжеттіктің зияны, заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және өз құқықтарын қорғай білу жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізілді.
«Адал еңбек – жарқын күн» сурет байқауы
18
февраль
2026
«Адал еңбек – жарқын күн» сурет байқауы
«Адал еңбек – жарқын күн» сурет байқауы Адал ұрпақ ұйымының мүшелері ұйымдастырумен мектебімізде «Адал еңбек – жарқын күн» тақырыбында сурет байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, маңдай термен жеткен жетістіктің қадірін түсіндіру. Қатысушылар өз суреттері арқылы адал еңбектің адам өміріндегі маңызын, болашаққа бастар жарқын жолын бейнеледі.
«Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» дөңгелек үстелі өтті
19
декабрь
2025
«Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» дөңгелек үстелі өтті
«Адал ұрпақ» ұйымының қатысушыларының қатысуымен «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында заңға құрмет, әділ қоғам құру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениет туралы маңызды ойлар айтылды. Қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, белсенді талқылауға атсалысты.
«Жемқорлыққа жол жоқ» — ортақ ұстаным!
08
декабрь
2025
«Жемқорлыққа жол жоқ» — ортақ ұстаным!
9-сынып оқушылары «Адал ұрпақ» ұйымының қатысушыларымен бірлесіп, «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында постер қорғау жұмысын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, адалдық пен әділдіктің маңызы туралы өз ойларын постер арқылы көркем түрде жеткізді. Әр топ өз жұмыстарын сенімді қорғап, белсенділік пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
«Әділдік пен адалдық» тақырыбында эссе жазу жұмысы
17
ноябрь
2025
«Әділдік пен адалдық» тақырыбында эссе жазу жұмысы
7–9 сынып оқушыларымен «Әділдік пен адалдық» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, адалдық, әділ шешім қабылдау, шыншылдық пен жауапкершілік туралы көзқарастарымен бөлісті. Бұл жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталды. Жазылған әр эссе — саналы ұрпақтың көзқарасы мен ішкі ойының көрінісі.
«Ұят пен адалдық» тақырыбында кинометафора
10
ноябрь
2025
«Ұят пен адалдық» тақырыбында кинометафора
«Адал ұрпақ» ұйымының қатысушыларымен адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қысқа кинофильм арқылы кинометафора өткізілді. Фильм желісі бойынша ұят, ар-ождан, адалдық ұғымдары талқыланып, қатысушылар өз ой-пікірлерін еркін білдірді. Іс-шара жас ұрпақтың рухани-адамгершілік көзқарасын қалыптастыруға, дұрыс таңдау жасауға үйретуге бағытталды.
«Адал ұрпақ қандай болу қажет?» атты пікірталас
15
октябрь
2025
«Адал ұрпақ қандай болу қажет?» атты пікірталас
«Адал ұрпақ қандай болу қажет?» атты пікірталас өтті Бүгін «Адал ұрпақ» ұйымының қатысушыларымен маңызды әрі мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар адалдық, әділдік, жауапкершілік, заңға бағыну және азаматтық ұстаным тақырыптарында өз ойларын ортаға салды. Пікірталас жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, адал қоғам құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Белсенді қатысқан оқушылар өз көзқарастарын еркін білдіріп, тың идеяларымен бөлісті.
Адамгершілік пен құқықтық мәдениетке арналған сынып сағаты
22
сентябрь
2025
Адамгершілік пен құқықтық мәдениетке арналған сынып сағаты
Адамгершілік пен құқықтық мәдениетке арналған сынып сағаты Мектебімізде оқушылардың адамгершілігін, құқықтық мәдениетін және жауапкершілігін дамытуға бағытталған сынып сағаты өтті. Шара барысында балалар адам құқығы, әдептілік және қоғамдағы дұрыс мінез-құлық тақырыптарын талқылап, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алды. Мақсат – әр оқушыны саналы азамат ретінде тәрбиелеу, қоғамда өз орнын түсініп, жауапкершілікпен әрекет етуге үйрету.
"Парасатты азамат" ақпараттық бұрышы
15
сентябрь
2025
"Парасатты азамат" ақпараттық бұрышы
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы "Парасатты азамат" ақпараттық бұрышы