Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебімізде емтихан басталды.
26
май
2026
Мектебімізде емтихан басталды.
Мектебімізде қазақ тілі пәні бойынша емтихан басталды 5-сынып оқушылары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетіп, пән бойынша алған білімдерін қорытындылауда. Емтихан барысында оқушылардың сауатты жазу, өз ойын жүйелі әрі еркін жеткізу дағдылары бағаланады. Сонымен қатар бұл емтихан оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырып, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз! 
«Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
25
май
2026
«Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
«Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында келесі маңызды мәселелер қамтылды: қауіпсіздік шаралары (жол қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, интернет қауіпсіздігі), Заң мен Тәртіп қағидаттарын сақтау, «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру, демалысты алдын ала жоспарлаудың артықшылықтары, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігі, еңбек етудің маңызы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға жазғы
"Түлектер кеші емес, бірлік маңызды!" челленджі
22
май
2026
"Түлектер кеші емес, бірлік маңызды!" челленджі
11-сынып оқушылары түлектер кешін ұйымдастыруға қарсылық танытып, өз таңдауларын саналы түрде көрсетті. Бұл шешім ортақ талқылау арқылы қабылданып, ата-аналарға артық салмақ түсірмеу, қажетсіз шығынды азайту және жауапкершілікке мән беру мақсатында жүзеге асты. Оқушылар бірлік пен достықты сақтай отырып, әркімнің пікірін құрметтей білді. Бұл — жай ғана қарсы шығу емес, болашаққа ойланып жасалған ортақ шешім. ✨ «Бірлік бар жерде — түсіністік бар!» 🇰🇿 #11сынып #СаналыТаңдау #Бірлік #Түлектер2026
«Тілім – тұғырым, рухым – жырым»
22
май
2026
«Тілім – тұғырым, рухым – жырым»
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Тілім – тұғырым, рухым – жырым» тақырыбында қазақ тілінің мәртебесі мен ұлт болмысын насихаттайтын сахналық көрініс қойылды. Көрініс барысында оқушылар ана тілінің құдіретін, оның халықтың рухани қазынасы мен ұлттық құндылықтарының негізі екенін әсерлі түрде жеткізді. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік, ұлттық рух пен елдік сананы дәріптеген тағылымды қойылым көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Соңғы қоңырау мерекесі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
21
май
2026
Соңғы қоңырау мерекесі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Мектеп түлектеріне соңғы қоңырау мерекесі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, мерекеден кейін жасөспірімдердің жиналып, кафе және басқа да ойын-сауық орындарында отырыстар ұйымдастыруына болмайтыны ескертілді. Оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау және жазатайым жағдайлардың алдын алу қажеттігі айтылды.
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік бойынша дәріс
19
май
2026
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік бойынша дәріс
Оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға жаз мезгілінде орын алуы мүмкін қауіптердің алдын алу жолдары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелері бойынша кең көлемде дәріс жүргізілді. Кездесуге Түрксіб ауданының прокуроры Мельс Айдар, ОАП Түрксіб аудандық әкімшілік практика бөлімінің полиция капитаны Тастекеев Д.К., Түрксіб ауданы ПБ ҚҚБ ЮПБ учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында педагогикалық сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі
18
май
2026
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында педагогикалық сынып
18.05.2026 жылы Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында педагогикалық сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері қатысып, оқушыларға педагогикалық мамандықтардың ерекшеліктері, жоғары оқу орнында білім алу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары және мұғалім мамандығының қоғамдағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Қауіпсіздік сабағы
18
май
2026
Қауіпсіздік сабағы
Қауіпсіздік сабағының тақырыбы: Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа-райында не істеу керек?
Көмек бағдарламасы
18
май
2026
Көмек бағдарламасы
Көмек бағдарламасы бойынша сынып сағаты өткізілді. Көмек бағдарламасына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары, сақтық шаралары және алғашқы көмек көрсету тәсілдері түсіндірілді.
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша сынып сағаты
18
май
2026
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша сынып сағаты
"Адалм азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының тақырыбы: Ынтымақ – өзара түсіністік пен сыйластықтың бастауы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 55 Вперед