Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жеке қауіпсіздік
30
март
2026
Жеке қауіпсіздік
1–11 сынып оқушыларына жеке қауіпсіздік бойынша сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты:оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру. 👩‍🏫 Сынып сағаттары барысында: • жол қауіпсіздігі • өрт қауіпсіздігі • интернеттегі қауіпсіздік • төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет тақырыптары қамтылды.
АПҚО: Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері”
27
март
2026
АПҚО: Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері”
Мектебімізде ата-аналарға арналған маңызды кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – бүгінгі жасөспірімдер арасында кездесетін қауіптердің алдын алу және ата-аналарға дұрыс бағыт-бағдар беру. Іс-шара барысында: 🔹 Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістер мен қауіп белгілері 🔹 Интернет пен әлеуметтік желідегі қауіптер 🔹 Зиянды әдеттердің алдын алу жолдары 🔹 Баламен тиімді қарым-қатынас орнату тәсілдері талқыланды Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
“Технология адамды жалқау етіп жатыр ма, әлде дамытып жатыр ма?”
27
март
2026
“Технология адамды жалқау етіп жатыр ма, әлде дамытып жатыр ма?”
“Ұшқыр ой-алаңы”. Тақырыбы: “Технология адамды жалқау етіп жатыр ма, әлде дамытып жатыр ма?” Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, технологияның пайдасы мен зияны туралы өз ойларын ортаға салды. Бір топ технологияның адам өмірін жеңілдетіп, білім алуға үлкен мүмкіндік беретінін дәлелдесе, екінші топ оның адамды жалқаулыққа итермелейтін тұстарын атап өтті. Оқушылар дәлелдер келтіріп, пікір алмасып, өз көзқарастарын қорғау арқылы логикалық ойлау, сөйлеу мәдениеті және талдау дағдыларын
“Менің болашақ мамандығым”
26
март
2026
“Менің болашақ мамандығым”
9-сынып оқушылары Алматы қаласындағы Атакент көрме орталығына барып, “Менің болашақ мамандығым” бойынша көрмені тамашалады. Көрме барысында оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, өздерінің болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар алды. Әртүрлі оқу орындары мен ұйымдардың ұсынған ақпараттары оқушылардың қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беруге үлкен септігін тигізді. Бұл іс-шара оқушылардың өз болашағына жауапкершілікпен қарап, саналы таңдау жасауына ықпал етті.
Спорттық іс-шара: “Almaty Kids Run” мектепішілік марафон (7–9 сыныптар)
26
март
2026
Спорттық іс-шара: “Almaty Kids Run” мектепішілік марафон (7–9
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7–9 сынып оқушылары арасында “Almaty Kids Run” мектепішілік марафоны өткізілді.Жарыс барысында оқушылар өздерінің шапшаңдығы мен төзімділігін көрсетіп, белсенділік танытты. Әр қатысушы мәреге жетуге бар күшін салып, нағыз жеңіске деген жігерін дәлелдеді. Марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше әсер сыйлады. Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
23 наурыз – Тазару күні
26
март
2026
23 наурыз – Тазару күні
23 наурыз – Тазару күніне орай мектебімізде тазалық ұйымдастырылды. Тазалық барысында мұғалімдер мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Осындай игі шаралар арқылы біз табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үлгі боламыз.
21 наурыз – Ынтымақ күні
20
март
2026
21 наурыз – Ынтымақ күні
Ынтымақ – елдіктің тірегі, бірліктің белгісі. 21 наурыз – халқымыздың татулығы мен достығын дәріптейтін ерекше күн. Бұл күні әр шаңырақта береке орнап, адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мейірім мен сыйластықты арттырады.
“Мұрағат” мектеп театры
20
март
2026
“Мұрағат” мектеп театры
Мектебімізде көктемгі демалыс аясында «Балалар театры» жобасы ұйымдастырылып, “Мұрағат” мектеп театры өз жұмысын белсенді түрде жүргізді. Оқушылар театр өнеріне қызығушылық танытып, сахналық қойылымдар арқылы өз таланттарын шыңдады. Әрбір қойылымда оқушылардың актерлік шеберлігі, шығармашылық қабілеті мен сахна мәдениеті айқын көрініс тапты.
«Кітаппен келген көктем» челленджі
20
март
2026
«Кітаппен келген көктем» челленджі
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Кітаппен келген көктем” челленджіне оқушылардың көктемгі демалыста оқыған кітаптарын талдау жұмыстары өткізілді. Оқушылар өздері оқыған шығармаларымен бөлісіп, кейіпкерлерге талдау жасап, ой-пікірлерін еркін жеткізді. Кітап арқылы дүниетанымдарын кеңейтіп, сөйлеу мәдениеттерін дамытты.
«Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында «Таза қала – таза мектеп» жалпы мектепішілік акциясы
20
март
2026
«Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында «Таза қала – таза мектеп»
Мектебімізде қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Акция барысында ұстаздар бірлесе отырып, мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Аула қоқыстардан тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді.