21
май
2026
Соңғы қоңырау мерекесі кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Мектеп түлектеріне соңғы қоңырау мерекесі кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар, мерекеден кейін жасөспірімдердің жиналып, кафе және басқа да ойын-сауық орындарында отырыстар ұйымдастыруына болмайтыны ескертілді. Оқушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау және жазатайым жағдайлардың алдын алу қажеттігі айтылды.