13
апрель
2026
Жеке қауіпсіздік сабағы
Жеке қауіпсіздік сабағының тақырыбы: Судағы мінез-құлық қағидаларын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу. Мақсаты: оқушыларға суда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру, судағы дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу жолдарын үйрету. Сынып сағаты барысында: оқушыларға суда қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, дұрыс мінез-құлық қағидалары талқыланды. Жазатайым оқиғалардың себептері мен олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талдау арқылы қауіпсіз әрекет ету дағдыларын меңгерді.