Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлы Жеңіс жолында" кітап көрмесі
13
май
2026
"Ұлы Жеңіс жолында" кітап көрмесі
9 мамыр — Жеңіс күніне орай мектебіміздің кітапханасында «Ұлы Жеңіс жолында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи сананы қалыптастыру. Көрмеге соғыс ардагерлері, батырлар туралы кітаптар, тарихи шығармалар мен естеліктер қойылды. Оқушылар Жеңіс жолындағы қиын кезеңдермен танысып, батыр бабаларымыздың ерлігі туралы мол мағлұмат алды.
«Ел бірлігі – татулықтың тірегі» кітап көрмесі
29
апрель
2026
«Ел бірлігі – татулықтың тірегі» кітап көрмесі
«Ел бірлігі – татулықтың тірегі» тақырыбында мектепте ұйымдастырылған кітап көрмесінің мақсаты – оқушыларға ел бірлігі мен қоғамдық татулықтың маңызын терең түсіндіру, Қазақстандағы көпұлтты халықтардың өзара достығы мен сыйластығын насихаттау. Көрме арқылы білім алушыларды бейбітшілік, келісім, ынтымақ сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу көзделеді. Сонымен қатар, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ел тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтары туралы
«Балалар әдебиетінен – білім мен ғылымға» атты танымдық және энциклопедиялық әдебиеттер көрмесі
21
апрель
2026
«Балалар әдебиетінен – білім мен ғылымға» атты танымдық және
23 сәуір – «Ұлттық кітап» күні қарсаңында ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында «Балалар әдебиетінен – білім мен ғылымға» атты танымдық және энциклопедиялық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. 📖 Көрмеде оқушыларға арналған түрлі энциклопедиялық, ғылыми-танымдық кітаптар ұсынылып, олардың білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік жасалды. Балалар кітаптар арқылы жаңа мәліметтер алып, ғылым әлеміне қадам жасады.
Ғарышқа ізін салған қыран қазақ!
09
апрель
2026
Ғарышқа ізін салған қыран қазақ!
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа ізін салған қыран қазақ!» тақырыбында мектеп кітапханашысы С.Бухарова мектеп оқушыларымен іс-шара өткізді.  Іс-шара барысында оқушыларға қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен белгілі ғарышкер Талғат Мұсабаев туралы қызықты мәліметтер берілді. Олардың ғарышты игерудегі ерліктері мен ел абыройын асқақтатқан еңбектері кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, ғарыш тақырыбына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып,
«Қош келдің, Наурыз көктем!»  кітап көрмесі
16
март
2026
«Қош келдің, Наурыз көктем!» кітап көрмесі
🌸📚 «Қош келдің, Наурыз көктем!» 📚🌸 Мектебіміздің кітапханасында оқушыларға арналған «Қош келдің, Наурыз көктем!» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрмеде Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жайлы қызықты кітаптар ұсынылды. Оқушылар көрмені тамашалап, көктемнің шуақты мерекесі туралы тың мәліметтер алып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттырды. 🌿 Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен берекенің бастауы. Осындай рухани іс-шаралар арқылы
«Ертегілер елінде»
12
март
2026
«Ертегілер елінде»
📚✨ «Ертегілер елінде» ✨📚 Бүгін мектеп кітапханасында 2-сынып оқушылары үшін ерекше сәт өтті. Кішкентай оқырмандарымыз «Ертегілер елінде» саяхат жасап, қызықты ертегілерді бірге оқып, кейіпкерлер әлеміне еніп, қиялдарын қанаттандырды. Ертегі – бала жүрегіне ізгілік пен мейірімділік дарытатын, ой-өрісін кеңейтетін ғажайып әлем. Оқушыларымыз кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті. Осындай игі іс-шаралар арқылы біз жас ұрпақты кітапты сүюге, білімге
1 «Ә» сынып оқушылары кітапханаға шолу жасады
26
февраль
2026
1 «Ә» сынып оқушылары кітапханаға шолу жасады
📚 1 «Ә» сынып оқушылары кітапханаға шолу жасады Бүгін мектебіміздің 1 «Ә» сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, кітап әлемімен жақынырақ танысты. Кітапханашы балаларға кітаптардың орналасу тәртібін түсіндіріп, оқуға қызықты ертегілер мен танымдық кітаптарды көрсетті. Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы біліп, кітапхана ережелерімен танысты. Бұл шолу олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімге деген құштарлығын оятты.
Кітап сыйла-болашаққа жол аш!
18
февраль
2026
Кітап сыйла-болашаққа жол аш!
📚 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында "Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия" КММ-де  «Кітап сыйла – болашаққа жол аш» атты челлендж өткізілді. ✨ Шараның басты мақсаты – қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау. 📖 Челлендж барысында оқушылар мен мектеп ұстаздары кітап сыйлап, өзара рухани байланыс орнатты. Әр сыйланған
“Тағдыр” кітабы
05
февраль
2026
“Тағдыр” кітабы
“Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы қарсаңында 2026 жылы ел болып оқитын кітап Қабдеш Жұмаділовтың “Тағдыр” кітабы болып белгіленді! Барлық мектеп оқушылары мен ұжымын «Тағдыр» кітабын оқуға, оның тарихи, рухани және адамгершілік мәнін зерттеуге шақырамыз. #балаларкітапханасы #біргеоқимыз
«Менің үй кітапханамның кітаптары» атты танымдық іс-шара
19
январь
2026
«Менің үй кітапханамның кітаптары» атты танымдық іс-шара
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Менің үй кітапханамның кітаптары» атты танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен ата-аналарды кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және үй кітапханасының маңызын насихаттау болды. Кездесу барысында 5–8 сыныптардан 30 оқушы мен 20 ата-ана белсенді қатысып, кітап арқылы ортақ байланыс орнатты. Презентация бөлімінде балалар өздерінің үй кітапханасындағы сүйікті кітаптарын таныстырып, не үшін таңдағандарын әңгімеледі. Ата-аналарға