09
апрель
2026
Ғарышқа ізін салған қыран қазақ!
12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышқа ізін салған қыран қазақ!» тақырыбында мектеп кітапханашысы С.Бухарова мектеп оқушыларымен іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров пен белгілі ғарышкер Талғат Мұсабаев туралы қызықты мәліметтер берілді. Олардың ғарышты игерудегі ерліктері мен ел абыройын асқақтатқан еңбектері кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар, ғарыш тақырыбына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақ-жауап бөліміне белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ғарышкерлердің еңбегін құрметтеуге баулу болды.