10
март
2026
«Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері»
Мектебімізде «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері» тақырыбында мектеп инспекторы 4-сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, түрлі қауіп-қатердің алдын алу және дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту. Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндіріліп, бейтаныс адамдармен сөйлесу кезінде сақ болу, жеке мәліметтерді жарияламау және күмәнді жағдайларда үлкендерден көмек сұрау қажеттілігі айтылды.