12
март
2026
«Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары»
Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларына «Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру, жеке мәліметтерді қорғау дағдыларын қалыптастыру және зиянды ақпараттардан сақтануға үйрету болды. Түсіндірме барысында оқушыларға әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, құпиясөздерді қауіпсіз сақтау, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу және кибербуллингтің алдын алу жолдары жайлы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, цифрлық ортадағы қауіп-қатерлер (вирустар, алаяқтық, жалған ақпарат) туралы айтылып, олардан қорғану тәсілдері түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Қорытындылай келе, бұл іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.