Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2026

«Токсикоманияның алдын алу»

Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында мектеп медбикесі А.Оразалиева оқушылармен «Токсикоманияның алдын алу» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың зиянды әдеттер туралы түсінігін арттыру, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара барысында оқушыларға токсикоманияның адам денсаулығына тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, түрлі химиялық және тұрмыстық заттарды иіскеу адам ағзасына өте қауіпті екендігі, мұндай әрекеттердің жүйке жүйесіне, ми қызметіне, тыныс алу мүшелеріне кері әсер ететіні айтылды. Сонымен қатар токсикоманияның адам өміріне қауіп төндіріп, түрлі ауруларға алып келуі мүмкін екендігі туралы нақты мысалдар келтірілді.
Мектеп медбикесі А.Оразалиева оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, зиянды әдеттерден аулақ болудың қажеттігін түсіндірді. Оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, күмәнді және зиянды әрекеттерден сақтану жөнінде кеңестер берілді.
Әңгіме барысында оқушылар өз ойларын айтып, сұрақтар қойып, пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, бос уақытты тиімді пайдалану сияқты пайдалы әдеттердің маңызы атап өтілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: