Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары
22
декабрь
2025

Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пиротехникалық және жарылғыш заттардың (пистон, салют) адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екені туралы кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға мұндай заттарды ұстамау, қолданбау және олардан алыс жүру қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, мереке күндері ата-анасыз үйден шықпау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы айтылды.

Аталған түсіндірме жұмыстарын мектеп директоры С. Сайдикеева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Сералиев және мектеп инспекторы К. Колбасов жүргізіп, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау олардың өз өмірі үшін маңызды екенін атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: