Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Терроризм – қазіргі әлемнің жауы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
12
сентябрь
2025

«Терроризм – қазіргі әлемнің жауы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары

2025 жылдың 12 қыркүйек күні мектебімізде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Терроризм – қазіргі әлемнің жауы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға терроризм мен экстремизмнің қауіптілігін түсіндіру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Шара барысында мектеп парламентінің мүшелері арнайы дайындаған ақпараттық баяндама жасап, терроризм мен экстремизм ұғымдары, олардың қоғамға тигізер зардаптары туралы нақты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларға осындай теріс әрекеттерден аулақ болудың жолдары, әлеуметтік желідегі қауіптер және күдікті жағдай туындағанда қалай әрекет ету керектігі туралы түсінік берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: