18
июнь
2026
«Бүгінгі түлек – ертеңгі ел тірегі!»
🎓 «Бүгінгі түлек – ертеңгі ел тірегі!»
«С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ-де 11-сынып түлектеріне арналған аттестат табыстау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Биыл мектебімізден 51 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Олардың ішінде 1 оқушы «Алтын белгі» иегері, ал 8 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып, білім мен еңбектің жарқын үлгісін көрсетті.
Салтанатты шара барысында мектеп директоры Сайдикеева Сауле Ильясовна түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, мектебіміздің іргетасын қалаған тұңғыш директор Джунусова Ділбар Қуанышбековна түлектерге ізгі тілегін арнап, үздік бітірушілерді марапаттау рәсіміне қатысты.
Құрметті түлектер! Мектептен алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз болашақтағы жетістіктеріңіздің берік іргетасы болсын. Армандарыңыз орындалып, жарқын болашаққа сеніммен қадам басыңыздар! ✨