Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
14
май
2026
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
14.05.2026 жылы мектебімізде жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар кезеңінде мектеп қызметкерлері мен оқушылардың «Барлығының назарына!» сигналы бойынша ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау іс-шаралары пысықталды.
«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаты
14
май
2026
«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып
«Жеке қауіпсіздік» бағыты бойынша «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, судағы қауіпсіздік, күннен қорғану, жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі және интернетті қауіпсіз пайдалану туралы ақпарат берілді. Оқушыларға өмір қауіпсіздігін сақтау, сақтық шараларын орындау және төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сынып сағаты оқушылардың
«Ән ғұмырдың иесі» тақырыбында сынып сағаты
14
май
2026
«Ән ғұмырдың иесі» тақырыбында сынып сағаты
Қазақстанның белгілі ақыны, композиторы және драматургі Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, әндері мен өлеңдері насихатталып, шығармаларынан үзінділер оқылды. Сынып сағаты оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
«Жасанды интеллект – болашақ технологиясы»
12
май
2026
«Жасанды интеллект – болашақ технологиясы»
«Smart Bala» жобасы аясында оқушыларға арналған «Жасанды интеллект – болашақ технологиясы» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар жасанды интеллект ұғымымен танысып, оның қазіргі қоғамдағы маңызы мен қолданылу салалары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар білім беру, медицина, көлік, байланыс және күнделікті өмірде қолданылатын жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктері түсіндірілді.
Құқықбұзушылықтың алдын-алу іс-шарасы
12
май
2026
Құқықбұзушылықтың алдын-алу іс-шарасы
Мектеп психологы А.Маханбетияр кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Колбасов Қанат Серікбаевичпен бірлесіп 10-сынып оқушыларына «Лудоманияға тәуелділіктің кәмелетке толмағандардың психологиялық жағдайына әсері» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында оқушыларға лудоманияның зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ мұндай тәуелділіктің алдын алу жолдары мен қауіпсіз мінез-құлық
Кәсіптік бағдар беру
11
май
2026
Кәсіптік бағдар беру
«Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» өкілдері «Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиясының» 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының білім беру бағдарламалары, мамандықтары, қабылдау талаптары және студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
"Добрая крышечка" акциясы
05
май
2026
"Добрая крышечка" акциясы
"Добрая крышечка" акциясы жалғасуда
Құқықбұзушылықтың алдын-алу іс-шарасы
05
май
2026
Құқықбұзушылықтың алдын-алу іс-шарасы
ОКП қызметкері полиция лейтенанты Сабырханов Абылай Пердеханович пен ОЮП УИП полиция капитаны Колбасов Қанат Серікбаевич бірлесіп "Әрекет және әрекетсіздік" тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, заңға қайшы әрекеттердің салдары және қоғамдағы тәртіпті сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша пікір алмасты.
Құқықтық білім беру  бойынша сынып сағаты
04
май
2026
Құқықтық білім беру бойынша сынып сағаты
Құқықтық білім беру – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру бағытында ұйымдастырылды.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында сынып сағаты
04
май
2026
«Адал азамат» бағдарламасы аясында сынып сағаты
«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты:оқушыларға адам құқықтары мен теңдік ұғымын түсіндіру, әр адамның ерекшелігін құрметтеуге, төзімділік пен сыйластыққа тәрбиелеу, ұжымда бірлік пен достықты нығайту. Сынып сағаты барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылап, бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығын түсінді.