Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Көмек” бағдарламасы бойынша сынып сағаты
16
март
2026
“Көмек” бағдарламасы бойынша сынып сағаты
«Көмек» бағдарламасы бойынша сынып сағатының мақсаты:оқушыларға бір-біріне қамқорлық көрсету, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдіру, мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созудың маңыздылығын түсіндіру және қоғамда жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу
Жеке қауіпсіздік бағдарламасы бойынша сынып сағаты
16
март
2026
Жеке қауіпсіздік бағдарламасы бойынша сынып сағаты
Жеке қауіпсіздік бағдарламасы бойынша сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда, көшеде, мектепте және интернет желісінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын ұғындыру.
Адал азамат бағдарламасы бойынша «Наурыз – жыл басы» сынып сағаты
16
март
2026
Адал азамат бағдарламасы бойынша «Наурыз – жыл басы» сынып сағаты
Адал азамат бағдарламасы аясында мектебімізде «Наурыз – жыл басы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, туған елге, ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру.
«Буллинг және кибербуллинг: қалай қорғануға болады?»
13
март
2026
«Буллинг және кибербуллинг: қалай қорғануға болады?»
Мектеп психологы мектеп оқушыларына «Буллинг және кибербуллинг: қалай қорғануға болады?» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің негізгі түрлері – физикалық, сөзбен, әлеуметтік және интернет арқылы жүзеге асатын қысым – түсіндірілді. Сонымен қатар, олардың психологиялық және әлеуметтік зардаптары қарастырылып, оқушыларға өздерін қорғау жолдары, қауіптен сақтану және көмек сұрау тәртібі туралы кеңестер берілді. Іс-шара сұрақ-жауап түрінде
15 наурыз – Қайырымдылық күні
13
март
2026
15 наурыз – Қайырымдылық күні
Бұл күн – адамдарды мейірімділікке, жанашырлыққа және бір-біріне көмек көрсетуге үндейтін ерекше күн. Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес, ол жылы сөз айту, қолдау көрсету, қамқорлық таныту сияқты ізгі істерден де басталады. Қайырымдылық күні қоғамда адамгершілік құндылықтарды насихаттап, мұқтаж жандарға көмектесудің маңызын еске салады. Әр адам кішкентай болса да жақсылық жасап, айналасына мейірім сыйлай алады.
14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын
13
март
2026
14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын
Бұл күн – адамдардың бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен сыйластықты жаңғыртатын ерекше мейрам. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, жүректеріңізге жылулық тілейміз. Әр шаңырақта қуаныш, молшылық, бірлік пен ынтымақ болсын! Көрісу күні баршамызға мейірім мен жақсылық сыйласын. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін! 
«Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары»
12
март
2026
«Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары»
Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларына «Цифрлық әлемде қорғанудың жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру, жеке мәліметтерді қорғау дағдыларын қалыптастыру және зиянды ақпараттардан сақтануға үйрету болды. Түсіндірме барысында оқушыларға әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, құпиясөздерді қауіпсіз сақтау, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу және кибербуллингтің алдын алу жолдары жайлы ақпарат
Туберкулез дегеніміз не?
12
март
2026
Туберкулез дегеніміз не?
Мектепте оқушылар арасында мектеп медбикесі А.Оразалиева туберкулез ауруының алдын алу және оның қауіптілігі туралы түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға туберкулездің жұғу жолдары, белгілері және оның алдын алу шаралары туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді. Оқушылар өздерін және айналасындағы адамдарды қорғау үшін денсаулыққа
«Ясауитану – 2026» байқауы
12
март
2026
«Ясауитану – 2026» байқауы
Бүгін мектебімізде «Ясауитану – 2026» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – ұлы ойшыл, ақын, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау, оқушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру. Сайыс барысында қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін көрсетіп, даналық сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, өздерінің білімдері мен дайындықтарын дәлелдеді. Байқау қорытындысы бойынша
«Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі
11
март
2026
«Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 40 жылдығына орай мектебімізде «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Желтоқсан қаһармандарының ерлігін ұлықтау, олардың есімін жас ұрпақтың жадында сақтау және оқушыларға тарихи сананы қалыптастыру.