Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында «Таза қала – таза мектеп» жалпы мектепішілік акциясы
20
март
2026
«Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында «Таза қала – таза мектеп»
Мектебімізде қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Акция барысында ұстаздар бірлесе отырып, мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Аула қоқыстардан тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді.
19 наурыз – Жаңару күні
19
март
2026
19 наурыз – Жаңару күні
Бүгін – жаңару мен жаңғырудың, тазалық пен ізгіліктің нышаны болған ерекше күн. 19 наурыз – Жаңару күні адам мен табиғаттың бірге түлеп, жаңа өмірге қадам басатын сәтін білдіреді. Осы мерекеде оқушыларға жаңарудың мәні түсіндіріліп, айналаны таза ұстау, табиғатты аялау, жақсы әдеттерді қалыптастыру туралы насихат жүргізілді.  
«Жер сағаты» – табиғатты қорғауға бірге қадам!
18
март
2026
«Жер сағаты» – табиғатты қорғауға бірге қадам!
Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Жер сағаты» – табиғатты қорғауға бірге қадам! тақырыбында оқушыларға бірқатар маңызды ақпараттық жұмыстар жүргізді. Оқушыларға табиғатты қорғау, энергияны үнемдеу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Энергияны тиімді пайдалану жолдары насихатталып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18
март
2026
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні Наурыз мерекесі аясында мектебімізде Ұлттық киім күні аталып өтті. Ұлттық киім – халқымыздың тарихын, мәдениетін және рухани байлығын көрсететін құнды мұра. Ұлттық киіміміз – ұлттық мақтанышымыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
17
март
2026
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушыларына
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11(12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде Мәділханқызы Балауса II орын иегері атанды!
17 наурыз – Шаңырақ күні
17
март
2026
17 наурыз – Шаңырақ күні
Осы күнге орай оқушыларымызға ұлттық мәдениетімізді дәріптеу мақсатында қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен сыр шертетін түрлі қолөнер бұйымдары таныстырылды. Оқушылар ұлттық нақышта жасалған бұйымдарды көріп, олардың жасалу ерекшелігімен және отбасы құндылықтарымен байланысы туралы мағлұмат алды. Ұлттық мұраны дәріптеу – әр ұрпақтың қасиетті борышы.