Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Көктем аруы – 2026» байқауы
04
март
2026
«Көктем аруы – 2026» байқауы
2 «А» сынып оқушыларымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем аруы – 2026» байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында қыздарымыз сәнді киім үлгілерін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр қатысушы әсемдігімен, тапқырлығымен және өнерімен ерекшеленіп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.✨
«Global Scholars Project Development» атты қалалық семинар
03
март
2026
«Global Scholars Project Development» атты қалалық семинар
Мектебімізде Global Scholars пилоттық жобасы аясында «Global Scholars Project Development» атты қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында қатысушыларға аталған жобаның негізгі мақсаты мен маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жоба аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Сонымен қатар, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, жаһандық мәселелерді талдау және оларды шешу жолдарын ұсыну бағытындағы тәжірибелермен бөлісілді.
«Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері»
02
март
2026
«Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері»
«Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері» тақырыбында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын түсіндіру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру және қауіптің алғашқы белгілерін дер кезінде байқауға үйрету болды. Кездесу барысында ата-аналарға жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістер, психологиялық күйзеліс белгілері, интернетке тәуелділік, кибербуллинг, зиянды
1 наурыз – Алғыс айту күні
02
март
2026
1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектебімізде тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.  Оқушылар  өлеңдер оқып, ән шырқап, ризашылық пен құрметтің маңызын айқындайтын көріністер көрсетті. Мектебіміздің асхана қызметкерлеріне, медбикеге, кітапханашыға, техникалық қызметкерлерге және мектеп күзетшілеріне арнайы алғыс айтылып, олардың еңбегі ерекше атап өтілді. Бұл күн – сыйластық пен татулықтың, бірлік пен мейірімнің мерекесі екені тағы бір мәрте дәлелденді. Алғыс айту – үлкен