Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ертегілер елінде»
12
март
2026
«Ертегілер елінде»
📚✨ «Ертегілер елінде» ✨📚 Бүгін мектеп кітапханасында 2-сынып оқушылары үшін ерекше сәт өтті. Кішкентай оқырмандарымыз «Ертегілер елінде» саяхат жасап, қызықты ертегілерді бірге оқып, кейіпкерлер әлеміне еніп, қиялдарын қанаттандырды. Ертегі – бала жүрегіне ізгілік пен мейірімділік дарытатын, ой-өрісін кеңейтетін ғажайып әлем. Оқушыларымыз кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісті. Осындай игі іс-шаралар арқылы біз жас ұрпақты кітапты сүюге, білімге
“Үздік мектеп жүргізушісі – 2026”
11
март
2026
“Үздік мектеп жүргізушісі – 2026”
“Үздік мектеп жүргізушісі – 2026” Бүгін мектебімізде “Үздік мектеп жүргізушісі – 2026" байқауының соңғы кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан сайыскерлер 5 кезеңнен тұратын түрлі тапсырмаларда өз бақтарын сынап, жүргізушілік шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар сахна мәдениетін, сөз саптауын, көрерменмен байланыс орнату қабілетін танытып, сұхбат алу, көпшілік алдында еркін сөйлеу сияқты тапсырмаларды сәтті орындады. Байқау қорытындысы бойынша: 🏆 Бас жүлде– Мұхитқызы Альфия 🥇 I
«Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі
11
март
2026
«Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 40 жылдығына орай мектебімізде «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Желтоқсан қаһармандарының ерлігін ұлықтау, олардың есімін жас ұрпақтың жадында сақтау және оқушыларға тарихи сананы қалыптастыру.
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу»
11
март
2026
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу»
2026 жылдың наурыз айында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы К.Колбасовтың қатысуымен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау мен әлімжеттіктің зияны, заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, қауіпсіз мінез-құлық сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және өз құқықтарын қорғай білу жөнінде түсіндірме жұмыстары өткізілді.
«Денсаулық – басты байлық»
10
март
2026
«Денсаулық – басты байлық»
09.03.2026 жылы 7-11 сынып оқушыларына «Денсаулық – басты байлық» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Осы іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға зиянды әдеттердің (алкоголь, темекі, нашақорлық, токсикомания, лудомания) адам ағзасына, психикалық және әлеуметтік дамуына әсерін түсіндіру, сондай-ақ оларды алдын алу жолдарын үйрету. Сабақ барысында оқушыларға зиянды заттардың ағзаға тигізетін теріс әсері, тәуелділіктің салдары, сонымен қатар тәуекелдерден сақтану және салауатты өмір салтын
«Жасөспірім қауіпсіздігі – қоғам назарында»
10
март
2026
«Жасөспірім қауіпсіздігі – қоғам назарында»
«Жасөспірім қауіпсіздігі – қоғам назарында» Мектебімізде жыныстық тиіспеушіліктің және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ата-аналар мен оқушыларға арналған түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында мамандар жасөспірімдердің жеке қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылығы, өз-өзін қорғау мәдениеті және жауапкершілік туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, қауіптің алдын алу жолдары түсіндірілді. Мұндай