"Оқуда адалдық менің жолым"
26 ақпан күні мектеебімізде тәрбие жұмысы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Саналы азамат» бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Оқуда адалдық – менің жолым!» атты флешмоб өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сананы нығайту.