«Тәуелсіздік рухы – ұрпаққа аманат» атты мектепішілік мәнерлеп оқу
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына арналған жоспар аясында мектебімізде «Тәуелсіздік рухы – ұрпаққа аманат» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау барысында оқушылар ел тәуелсіздігі, азаттық жолындағы ерлік пен ұлттық рух туралы шығармаларды әсерлі жеткізіп, тәуелсіздіктің қадірін терең сезінді. ✨ Тәуелсіздік – өткеннің аманаты, бүгіннің бақыты, ертеңнің сенімі.