Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік
Қыс мезгілінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп ауласында қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Аула тазалаушы қызметкерлеріміз мектеп ауласын қардан тазартып, оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы жүруіне жағдай жасауда. Мектеп ауласының тазалығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда.