«Үздік мектеп жүргізуші» байқауы
Мектебімізде оқушылар арасында «Үздік мектеп жүргізуші» байқауының І кезеңі өткізілді.Байқаудың бұл кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, сахна мәдениеті, сөйлеу шеберлігі мен көрерменмен байланыс орнату қабілеттерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен келесі кезеңге жолдама алған оқушылар: ✨ Құрманмырза Амина ✨ Рамазан Амир ✨ Мұхитқызы Альфия ✨ Еркінқызы Ақжүніс Алда байқаудың келесі кезеңдері күтіп тұр. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз! 🌟