Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Болашаққа сау тіспен»
26
март
2026
---
«Болашаққа сау тіспен»
«Болашаққа сау тіспен» атты мектебімізде челлендж өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ауыз қуысы гигиенасының маңыздылығын насихаттау және халықтың, әсіресе жастардың, тіс денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру болды. Челлендж барысында қатысушылар дұрыс тіс тазалау әдістерін көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
“Менің болашақ мамандығым”
26
март
2026
“Менің болашақ мамандығым”
9-сынып оқушылары Алматы қаласындағы Атакент көрме орталығына барып, “Менің болашақ мамандығым” бойынша көрмені тамашалады. Көрме барысында оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, өздерінің болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар алды. Әртүрлі оқу орындары мен ұйымдардың ұсынған ақпараттары оқушылардың қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беруге үлкен септігін тигізді. Бұл іс-шара оқушылардың өз болашағына жауапкершілікпен қарап, саналы таңдау жасауына ықпал етті.
Спорттық іс-шара: “Almaty Kids Run” мектепішілік марафон (7–9 сыныптар)
26
март
2026
Спорттық іс-шара: “Almaty Kids Run” мектепішілік марафон (7–9
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7–9 сынып оқушылары арасында “Almaty Kids Run” мектепішілік марафоны өткізілді.Жарыс барысында оқушылар өздерінің шапшаңдығы мен төзімділігін көрсетіп, белсенділік танытты. Әр қатысушы мәреге жетуге бар күшін салып, нағыз жеңіске деген жігерін дәлелдеді. Марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше әсер сыйлады. Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
23 наурыз – Тазару күні
26
март
2026
23 наурыз – Тазару күні
23 наурыз – Тазару күніне орай мектебімізде тазалық ұйымдастырылды. Тазалық барысында мұғалімдер мектеп ауласын тазалап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Осындай игі шаралар арқылы біз табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үлгі боламыз.