Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әжемнің ертегілері" балалар кітапханасы жобасы аясында
28
октябрь
2025
"Әжемнің ертегілері" балалар кітапханасы жобасы аясында
"Әжемнің ертегілері" балалар кітапханасы жобасы аясында 3-сыныптар оқушылары мектеп кітапханасында кеш өткізді.
«Абайдың қара сөздері» атты челлендж
27
октябрь
2025
«Абайдың қара сөздері» атты челлендж
Мектеп ұстаздары арасында ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында «Абайдың қара сөздері» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендж барысында мұғалімдер дана Абайдың өнегелі ой-толғамдарын, адамгершілікке, білімге, еңбекке үндейтін қара сөздерінен үзінділер оқып, әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратты. Бұл шара ұстаздар арасында Абайдың қара сөздеріне деген қызығушылықты арттырып, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Челлендж
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025
24
октябрь
2025
БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025
🍁 БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025 🍁 Мектебімізде дәстүрге айналған «Берекелі Алтын күз – 2025» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті! 🌾 Күздің молшылығы мен сұлулығын дәріптеген бұл мерекеде оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып, көріністер қойды. Әр сынып ерекше дайындықпен келіп, шығармашылықтарын, ұйымшылдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті. Көрме бұрыштарында күзгі байлықтан жасалған қолөнер бұйымдары мен жеміс-жидек композициялары көздің жауын алды. Мерекелік шара
«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!» атты көркемсөз оқу байқауы
17
октябрь
2025
«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!» атты көркемсөз оқу байқауы
🇰🇿 25 қазан – Республика күніне орай 6 «А» сынып оқушылары арасында 🎤 «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!» атты көркемсөз оқу байқауы өткізілді. 💫 Байқау барысында оқушылар ел мен ерлік, тәуелсіздік пен отан тақырыптарындағы өлеңдерді нақышына келтіре орындап, көрерменге патриоттық рух сыйлады.
"Жас Қыран"  және "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
15
октябрь
2025
"Жас Қыран" және "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау
🇰🇿Республика күніне орай мектебімізде 1‑сынып пен 5‑сынып оқушылары салтанатты түрде "Жас Қыран" және "Жас Ұлан" ұйымына қабылданды! Бұл салтанатты сәтте 1‑сынып және 5‑сынып оқушылары ұйым мүшесі атанып, ант қабылдады. Әр оқушыға көк түсті галстук тағылып, ұйымның мүшелігінің белгісі ретінде төсбелгілер табысталды. ✨Оқушыларымыздың бұл қадамы — еліміздің жарқын болашағына деген сенімнің белгісі.✨
“Жас маман – жаңашыл ізденістің бастауы” атты жас мамандар апталығы
10
октябрь
2025
“Жас маман – жаңашыл ізденістің бастауы” атты жас мамандар апталығы
Республика күніне орай “Жас маман – жаңашыл ізденістің бастауы” атты жас мамандар апталығы аясында “Жас маман – жас талант” спорттық жарысы өтті! 🎯 Мақсаты: Жас мамандардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжымдық бірлікті нығайту және спортқа қызығушылығын арттыру. Жарыс қызықты да тартысты өтті, жас мамандар мен тәлімгерлері бір команда ретінде өнер көрсетіп, өзара қолдау мен ұйымшылдық танытты 👏💪
“Жас маман-жаңашыл ізденістің бастауы” жас мамандар апталығы
08
октябрь
2025
“Жас маман-жаңашыл ізденістің бастауы” жас мамандар апталығы
“Жас маман-жаңашыл ізденістің бастауы” атты жас мамандар апталығы аясында жас мамандар мектебінің жетекшісі Әлиева Ақерке “Қалыптастырушы бағалау – сапалы білімнің кілті” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: * Қалыптастырушы бағалаудың мәні мен маңызын түсіндіру; * Оны сабақ үдерісінде тиімді қолдану жолдарын көрсету; * Жас мамандардың бағалау құзыреттілігін арттыру.
“Жас маман-жаңашыл ізденістің бастауы” жас мамандар апталығы
07
октябрь
2025
“Жас маман-жаңашыл ізденістің бастауы” жас мамандар апталығы
“Жас маман-жаңашыл ізденістің бастауы” жас мамандар апталығы аясында мектеп психологы Ақнұр Бахтиярқызы “Жас маман-жаңа мүмкіндік” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара!
03
октябрь
2025
Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара!
🎉 Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара! 💐 Мектебімізде Ұстаздар күніне орай тамаша мерекелік іс-шара өткізілді! 🌟 ✨Бұл күні оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына деген шексіз құрметі мен алғысын ән-жырмен, би мен ыстық лебіздері арқылы жеткізді. 🎉Күннің басты кейіпкерлері — білім мен мейірімнің иесі, шәкіртке жол көрсеткен ардақты ұстаздар!💐
1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Үлкенге құрмет – болашаққа өнеге» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
01
октябрь
2025
1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Үлкенге құрмет –
📅 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Үлкенге құрмет – болашаққа өнеге» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. 📖 Іс-шара барысында оқушылар қарттар туралы өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізіп, үлкенге деген құрмет пен ізеттіліктің мәнін терең түсінді. Бұл сабақ арқылы шәкірттер ата-әжеге қамқор болу, алғыс айту, сыйластық сынды ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, рухани тәрбие алды. 🔹 Үлкенге құрмет көрсету — ұлт болашағының берік негізі.