Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түрксіб ауданының мектеп парламентінің көшбасшыларымен «Құқық және жауапкершілік» атты дөңгелек үстел
29
январь
2026

Түрксіб ауданының мектеп парламентінің көшбасшыларымен «Құқық және жауапкершілік» атты дөңгелек үстел

Заң және тәртіп айлығы аясында Түрксіб ауданының мектеп парламентінің көшбасшыларымен «Құқық және жауапкершілік» атты ерекше дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуде құқық пен жауапкершіліктің өзара байланысы жан-жақты талқыланып, оқушылар практикалық кейстер мен экспресс-жағдайлар арқылы өз пікірлерін білдіріп, құқықтық таңдауларын нақты анықтады.

💡 Сонымен қатар, «TREND немесе LIMIT?» эксперименті арқылы онлайн және офлайн кеңістіктегі жауапкершілік мәселелері қозғалып, әр қатысушы өз ұстанымын сенімді көрсете білді.

📜 Кездесу барысында жас көшбасшылар «CODEX 2026» – оқушылардың заманауи құқық және жауапкершілік кодексін құрастырып, қоғамдағы өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсінді.

Бұл дөңгелек үстел жас көшбасшылардың құқықтық санасын арттыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және жауапкершілікті сезінуге бағытталған маңызды алаң болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: