Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлы тұлғалар — адалдық үлгісі" атты танымдық сабағы
15
апрель
2026
"Ұлы тұлғалар — адалдық үлгісі" атты танымдық сабағы
Қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында "Ұлы тұлғалар — адалдық үлгісі" атты танымдық сабағы өткізілді. Жауапты: Керімбекова М.Ш.
“Гаджет пен рухани даму” тақырыбында пікірталас-дебат
15
апрель
2026
“Гаджет пен рухани даму” тақырыбында пікірталас-дебат
23 сәуір – Ұлттық кітап күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында мектебімізде “Гаджет пен рухани даму” тақырыбында пікірталас-дебат өтті. Пікірталас барысында оқушылар заманауи технологиялардың пайдасы мен зиянын саралап, гаджеттердің адам өміріндегі рөлі туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, кітап оқудың рухани дамуға қосар үлесі кеңінен талқыланып, қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдермен жеткізе білді.
Шығармашылық интеллигенция — Қазақстан балаларына!
14
апрель
2026
Шығармашылық интеллигенция — Қазақстан балаларына!
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында жоспарға сәйкес «Шығармашылық интеллигенция — Қазақстан балаларына» тақырыбында мектеп театры күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және театр өнері арқылы рухани-адамгершілік тәрбие беру болды. Мектеп оқушылары қазақ және әлем әдебиеті кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, сахналық қойылымдар көрсетті. Қойылымдар барысында оқушылардың
"Тарихтан-тағылым, тілден-тәлім" атты интеллектуалды сайыс
14
апрель
2026
"Тарихтан-тағылым, тілден-тәлім" атты интеллектуалды сайыс
Қоғамдық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында 5-сыныптар арасында "Тарихтан-тағылым, тілден-тәлім" атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Жауапты: Каирзаева Ж., Қалбергенов Қ.
“Тарихтан тағылым, тілден – тәлім” тақырыбындағы онкүндігінің ашылу салтанаты
13
апрель
2026
“Тарихтан тағылым, тілден – тәлім” тақырыбындағы онкүндігінің ашылу
“Ұлттық тәрбие – парасатты ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы” атты қоғамдық пәндер кафедрасының “Тарихтан тағылым, тілден – тәлім” тақырыбындағы онкүндігінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихтан тағылым алып, тіл арқылы тәлім-тәрбие беру. Ұлттық рухты көтеріп, жас ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге бағытталған бұл шара алдағы іс-шараларға үлкен серпін берері сөзсіз.
Ғылымға апарар жол
13
апрель
2026
Ғылымға апарар жол
📚 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде «Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында «Ғылымға апарар жол» тақырыбында ерекше мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында мектеп кітапханашысы С. Бухарова мен тарих пәні мұғалімі Қ. Қалбергенов бірлесіп, «Яссауидың рухани мұрасы» тақырыбын кеңінен таныстырды. Оқушыларға ұлы ойшылдың еңбектері мен рухани құндылықтары насихатталып, ұлттық тәрбие мен білімнің маңызы түсіндірілді. ✨ Іс-шараның басты мақсаты —
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы
10
апрель
2026
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Цифрлық қазақ тілі» тақырыбында тілдік сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар қазақ тіліндегі бейнефильмдер арқылы тіл үйренудің заманауи тәсілдерімен танысты. Қызықты бейнематериалдар балалардың тыңдалым, түсіну қабілеттерін дамытып, сөздік қорын байытуға мүмкіндік берді.
"Мақал-мәтелдер" сайысы
10
апрель
2026
"Мақал-мәтелдер" сайысы
"Мемлекеттік тіл - менің тілім" іс-шаралары аясында бастауыш сынып оқушылары арасында "Мақал-мәтелдер" сайысы өткізілді.
“Үздік мектеп жүргізушісі – 2026”
11
март
2026
“Үздік мектеп жүргізушісі – 2026”
“Үздік мектеп жүргізушісі – 2026” Бүгін мектебімізде “Үздік мектеп жүргізушісі – 2026" байқауының соңғы кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан сайыскерлер 5 кезеңнен тұратын түрлі тапсырмаларда өз бақтарын сынап, жүргізушілік шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар сахна мәдениетін, сөз саптауын, көрерменмен байланыс орнату қабілетін танытып, сұхбат алу, көпшілік алдында еркін сөйлеу сияқты тапсырмаларды сәтті орындады. Байқау қорытындысы бойынша: 🏆 Бас жүлде– Мұхитқызы Альфия 🥇 I
«Арулар – әлемнің нәзік үні» атты мерекелік іс-шара
06
март
2026
«Арулар – әлемнің нәзік үні» атты мерекелік іс-шара
Мектебімізде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар – әлемнің нәзік үні» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кеш барысында оқушыларымыз аналар мен ұстаздарға арнап әсем әндер айтып, мың бұрала би билеп, жүрекке жылы әсер сыйлады. Әрбір номер нәзіктік пен мейірімге толы болды. Сонымен қатар, мектеп әкелері мен оқушылар бірлесіп «Сұлу қыздар» әнін хор болып орындап, кештің көркін одан әрі аша түсті. Бұл ерекше сәт көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап, мерекенің маңызын