Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагогикалық кеңес алаңы
19
ноябрь
2025
Педагогикалық кеңес алаңы
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 19.11.2025 ж. ата-аналарға балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша кеңес пен ұсынымдар беру мақсатында ашық консультациялық алаң ұйымдастырылды. Мамандар ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
«Startup– менің арманым» байқауы
19
ноябрь
2025
«Startup– менің арманым» байқауы
💡 Бүгін біздің мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында «Startup – менің арманым» байқауы сәтті өткізілді. Оқушылар өз идеяларын таныстырып, жобаларын қорғады. 👩‍💻👨‍💻 9–11 сынып оқушылары арасындағы байқау инновациялық және шығармашылық жобаларды дамытуға арналды. 🏆 Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды құттықтаймыз!
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында пікірсайыс өтті
18
ноябрь
2025
"Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 18.11.2025 ж. "Интернетті білім алуда пайдалану: пайдасы мен қауіпі" тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында интернетті қауіпсіз пайдалану тақырыбында пікірсайыс байқауы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар интернеттің тиімді тұстарын талдап, цифрлық қауіпсіздік ережелерін талқылап, өз көзқарастарын дәлелдеп, өзара пікір алмасу арқылы сыни ойлау дағдыларын шыңдады.  
Қамқорлық және сүйіспеншілік
18
ноябрь
2025
Қамқорлық және сүйіспеншілік
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 18.11.2025 ж. ата-аналар мен балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мектеп психологтары А.Маханбетияр, Ж.Жұршыман ашық есік күнін өткізді. Ата-аналарға кәсіби, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кеңестер беріліп, түрлі психологиялық жаттығулар ұсынылды. 
Түнгі қаладағы балалар
17
ноябрь
2025
Түнгі қаладағы балалар
С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында 17.11.2025 ж. кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруінің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы К.Колбасовпен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, профилактикалық әңгімелер өткізілді. 
«Мұғалім мен ЖИ: жаңа дәуірдің сабақтары» тақырыбында мазмұнды семинар
14
ноябрь
2025
«Мұғалім мен ЖИ: жаңа дәуірдің сабақтары» тақырыбында мазмұнды семинар
🌿 «Ғылымға сапар, болашаққа қадам» Жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімі М. Жұматай «Мұғалім мен ЖИ: жаңа дәуірдің сабақтары» тақырыбында мазмұнды семинар өткізді. Семинар барысында: ✨ Жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктері ✨ Мұғалім еңбегін жеңілдететін цифрлық құралдар ✨ Болашақтың сабақ форматы сияқты өзекті тақырыптар талқыланды. ЖИ–мен қатар жүретін жаңа дәуірдің дағдыларын қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеті.
🔬Science Lab: жас ғалымдар  атты тәжірбие жасау іс-шарасы
14
ноябрь
2025
🔬Science Lab: жас ғалымдар атты тәжірбие жасау іс-шарасы
🌿 “Ғылымға сапар, болашаққа қадам” атты жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында 🔬Science Lab: жас ғалымдар атты тәжірбие жасау іс-шарасы өткізілді! Бұл шара барысында оқушылар қызықты тәжірибелер жасап, ғылым әлемінің сырларын өз қолдарымен ашты. 💡 Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту және шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру. 🌟
“Жас физик” сайысы
13
ноябрь
2025
“Жас физик” сайысы
🌿 “Ғылымға сапар, болашаққа қадам” атты жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында🔭 7–8 сынып оқушылары арасында “Жас физик” сайысы ұйымдастырылды! ⚡️Сайыс барысында оқушылар өздерінің логикалық ойлау қабілетін, ғылыми білімдерін және тәжірибелік дағдыларын көрсетті. 🧠💡 Іс-шара тартысты әрі қызықты өтті, жас зерттеушілер физика әлемінің құпияларына бір табан жақындай түсті. 🌌 🔹 Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалды ойын
12
ноябрь
2025
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалды ойын
🌿 “Ғылымға сапар – болашаққа қадам” атты жаратылыстану-математикалық пәндер апталығы аясында 8-сынып оқушылары арасында математика пәні мұғалімдері Е. Уалихан, А. Әлиева және А. Амангелдіқызының ұйымдастыруымен 📘 “Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалды ойын өткізілді. 💡 Оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін шыңдап, білімдерін сынап, ерекше белсенділік пен тапқырлық танытты! 👏
“Таңғы Vibe” подкасы
12
ноябрь
2025
“Таңғы Vibe” подкасы
🌿 “Ғылымға сапар, болашаққа қадам” атты жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында 🧬 биология пәні мұғалімдері Е.Бақытов пен Г.Абижанова оқушылармен бірге ерекше форматта — “Таңғы Vibe” подкасын ұйымдастырды! 🎧 Тақырып өзекті әрі қызықты — ұйқы және оның адам ағзасына әсері 💤 Оқушылар подкаста ғылыми деректермен танысып, өз ойларымен бөлісіп, таным көкжиегін кеңейтті.