10
декабрь
2025
«Teacher and Peer Feedback in the EFL Classroom» атты тақырыпта қалалық семинар
Алматы қаласының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназияда «Teacher and Peer Feedback in the EFL Classroom» атты тақырыпта қалалық семинар өткізілді. Алматы қаласының Білім басқармасымен ҚББЖТҒӘО әдіскері Л.Б.Петрованың ұйымдастыруымен өткізілген семинарға қала мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Семинарды Америка Құрама Штаттарының бас консулдығының қолдауымен халықаралық тренер Бронвер Шибер және ағылшын тілі жобаларының үйлестірушісі Нұргүл Жаңабаева жүргізді.
Семинарға қатысушылар іс-шараның мазмұнына жоғары баға беріп, ұйымдастыру деңгейіне риза болды.
Семинарға қатысушылар іс-шараның мазмұнына жоғары баға беріп, ұйымдастыру деңгейіне риза болды.