Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас маман – жасанды интеллект: жаңа буын ұстаз бейнесі" атты аудандық семинар
20
ноябрь
2025

"Жас маман – жасанды интеллект: жаңа буын ұстаз бейнесі" атты аудандық семинар

«Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ-де жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында «Жас маман – жасанды интеллект: Жаңа буын ұстаз бейнесі» атты жас мамандарға арналған аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: жас мамандардың педагогикалық үдерісте жасанды интеллектті қолдану құзыреттерін дамытуға ықпал ету, жаңа буын мұғалімінің кәсіби болмысын қалыптастыруға бағытталған инновациялық тәжірибелермен алмасу және бірлескен идеялар алаңын құру.
Іс-шара барысында төмендегі тақырыптарда шеберлік сағаттары өтті:
1.    Математика пәні мұғалімдері А.Әлиева, А.Амангельдіқызы: «Жас мұғалім және AI: Математика сабағын жоспарлаудың жаңа мүмкіндіктері»;                                                                                                                                                        2.    Физика пәні мұғалімдері Ж.Бимырзаева, Н.Есимбекова: «Цифрлық білім беру: PhET Colorado арқылы тиімді тәжірибелер»;                  3.    Химия пәні мұғалімдері Т.Сыдықбекова, А.Уәли: «Атом құрылымы мен элемент таңбаларын бекітудің шығармашылық тәсілдері»;      4.    Биология пәні мұғалімдері А.Абижанова, Е.Бақытов: «Оқушы шығармашылығын дамытудың тиімді жолдары: модельдеу және кітапша жасау технологиясы».Іс-шараның қорытынды бөлімінде информатика пәні мұғалімі М.Жұматай «Білім берудегі жасанды интеллект құралдары» тақырыбында жас мамандармен бірге тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырып, заманауи AI платформаларының сабақ сапасын арттырудағы тиімділігі талқыланды. 
Іс-шара жас мамандардың кәсіби өсуіне серпін беріп, білім беруде инновациялық технологияларды тиімді қолдануға бағытталған орта қалыптастырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: