Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2025

БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025

🍁 БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ – 2025 🍁

Мектебімізде дәстүрге айналған «Берекелі Алтын күз – 2025» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті! 🌾
Күздің молшылығы мен сұлулығын дәріптеген бұл мерекеде оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, өлең оқып, көріністер қойды.
Әр сынып ерекше дайындықпен келіп, шығармашылықтарын, ұйымшылдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті. Көрме бұрыштарында күзгі байлықтан жасалған қолөнер бұйымдары мен жеміс-жидек композициялары көздің жауын алды.

Мерекелік шара соңында сыныптар жүлделі орындармен марапатталды 🏆✨
Барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше эмоция сыйлаған бұл күн нағыз шығармашылық мерекесіне айналды! 🎉

Күз – ең әдемі мезгіл, ең берекелі шақ.🍁

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: