27
октябрь
2025
«Абайдың қара сөздері» атты челлендж
Мектеп ұстаздары арасында ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау мақсатында «Абайдың қара сөздері» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендж барысында мұғалімдер дана Абайдың өнегелі ой-толғамдарын, адамгершілікке, білімге, еңбекке үндейтін қара сөздерінен үзінділер оқып, әлеуметтік желілер арқылы кеңінен таратты. Бұл шара ұстаздар арасында Абайдың қара сөздеріне деген қызығушылықты арттырып, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Челлендж мұғалімдердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.