13
август
2025
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" көркем оқу
Мектебіміздің мұғалімдері арасында ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – ұстаздар арасында ақын шығармашылығын насихаттап, көркем сөйлеу мәдениетін дамыту, Абай мұрасын дәріптеу арқылы рухани құндылықтарды жаңғырту болды. Мұғалімдер Абайдың терең мазмұнды, философиялық ойға толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, тыңдарманға ақынның даналығын жеткізе білді.