Мектебімізде емтихан басталды.
Мектебімізде қазақ тілі пәні бойынша емтихан басталды 5-сынып оқушылары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетіп, пән бойынша алған білімдерін қорытындылауда. Емтихан барысында оқушылардың сауатты жазу, өз ойын жүйелі әрі еркін жеткізу дағдылары бағаланады. Сонымен қатар бұл емтихан оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырып, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!