"Ұлы Жеңіс жолында" кітап көрмесі
9 мамыр — Жеңіс күніне орай мектебіміздің кітапханасында «Ұлы Жеңіс жолында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты — оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тарихи сананы қалыптастыру. Көрмеге соғыс ардагерлері, батырлар туралы кітаптар, тарихи шығармалар мен естеліктер қойылды. Оқушылар Жеңіс жолындағы қиын кезеңдермен танысып, батыр бабаларымыздың ерлігі туралы мол мағлұмат алды.