Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Түлектер кеші емес, бірлік маңызды!" челленджі
22
май
2026
"Түлектер кеші емес, бірлік маңызды!" челленджі
11-сынып оқушылары түлектер кешін ұйымдастыруға қарсылық танытып, өз таңдауларын саналы түрде көрсетті. Бұл шешім ортақ талқылау арқылы қабылданып, ата-аналарға артық салмақ түсірмеу, қажетсіз шығынды азайту және жауапкершілікке мән беру мақсатында жүзеге асты. Оқушылар бірлік пен достықты сақтай отырып, әркімнің пікірін құрметтей білді. Бұл — жай ғана қарсы шығу емес, болашаққа ойланып жасалған ортақ шешім. ✨ «Бірлік бар жерде — түсіністік бар!» 🇰🇿 #11сынып #СаналыТаңдау #Бірлік #Түлектер2026
«Тілім – тұғырым, рухым – жырым»
22
май
2026
«Тілім – тұғырым, рухым – жырым»
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» іс-шарасы аясында 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Тілім – тұғырым, рухым – жырым» тақырыбында қазақ тілінің мәртебесі мен ұлт болмысын насихаттайтын сахналық көрініс қойылды. Көрініс барысында оқушылар ана тілінің құдіретін, оның халықтың рухани қазынасы мен ұлттық құндылықтарының негізі екенін әсерлі түрде жеткізді. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік, ұлттық рух пен елдік сананы дәріптеген тағылымды қойылым көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.