«Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шара
Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында достық пен татулықты, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен сыйластықты қалыптастыру, көпұлтты еліміздің бірлігін насихаттау. Іс-шара барысында сахна төрі түрлі ұлттардың әуезді әндері мен әсем билері, ұлттық киімдердің жарқын көрінісі арқылы көмкеріліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылар өз өнерлері арқылы әр халықтың ерекшелігін айшықтап, сол халықтың мәдениеті