«Жасанды интеллект – болашақ технологиясы»
«Smart Bala» жобасы аясында оқушыларға арналған «Жасанды интеллект – болашақ технологиясы» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар жасанды интеллект ұғымымен танысып, оның қазіргі қоғамдағы маңызы мен қолданылу салалары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар білім беру, медицина, көлік, байланыс және күнделікті өмірде қолданылатын жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктері түсіндірілді.