Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» челленджі
19
декабрь
2025
«Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» челленджі
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында біздің кітапханада ерекше челлендж өтті: оқырмандар өздері оқыған, сүйікті кітаптарын өзгеге сыйлап, жаңа өмір сыйлады. Кітап – тек білім емес, ол жүректен жүрекке жететін ең бағалы сыйлық 💫
«Ерлікке толы өмір – Бауыржан Момышұлы»
17
декабрь
2025
«Ерлікке толы өмір – Бауыржан Момышұлы»
📚 «Ерлікке толы өмір – Бауыржан Момышұлы» Бүгін мектебімізде қазақ халқының даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде батырдың өмірі мен ерлігі, патриоттық рухқа толы еңбектері таныстырылды. Бұл кітаптар – жас ұрпақты елін сүюге, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелейтін асыл мұра. ✨ Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!
"Адал ұстаз" аудандық байқау
15
декабрь
2025
"Адал ұстаз" аудандық байқау
"Адал ұстаз" аудандық байқауында Анапияева Іңкәр ІІІ орынмен марапатталды! Ұстаздық жолдағы адалдық, еңбек пен кәсіби шеберлік — лайықты бағасын алды 👏 Жетістіктеріңіз көп болсын, шығармашылық табыс тілейміз!
“Бабалар аманаты” байқауы
12
декабрь
2025
“Бабалар аманаты” байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен аймақтық “Бабалар аманаты” байқауының “Ақынның қаламы - адалдық алаңы” бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Оспан Жүзімгүл Амантайқызы марапатталды.
«Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» атты челлендж
11
декабрь
2025
«Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» атты челлендж
📚 «Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» челленджі 11 желтоқсан 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» атты челлендж ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау. Челлендж барысында оқушылар өздері оқыған көркем шығармаларын сыныптастарына таныстырып, мазмұнына шолу жасап, негізгі идеясын
«Отбасы күні: біздің отбасымыздың өміріндегі кітап»
10
декабрь
2025
«Отбасы күні: біздің отбасымыздың өміріндегі кітап»
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектепте балалар мен ата-аналарды біріктірген мазмұнды отбасылық кітап мерекесі өтті. Іс-шараны ДТІЖО ашып, мерекенің мақсаты – кітап оқуға қызығушылықты арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту екенін атап өтті. Кездесу барысында отбасылар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, балалар оқыған шығармалары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Викторина кезеңінде қатысушылар кітап кейіпкерлері мен отбасылық дәстүрлерге қатысты сұрақтарға белсенді
«Мен оқыған кітап» тақырыбында дөңгелек үстел
04
декабрь
2025
«Мен оқыған кітап» тақырыбында дөңгелек үстел
04 желтоқсан 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен оқыған кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және әдеби шығармаларды талдау арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстел барысында бастауыш сынып оқушылары өздері оқыған ертегілер мен балалар әдебиеті шығармаларын мазмұндап, сүйікті кейіпкерлері туралы әсерлерімен
Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының данышпан ғалымы!
02
декабрь
2025
Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының данышпан ғалымы!
Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының данышпан ғалымы! Бүгін кітапханамызда ұлт мақтанышы, ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған бұрыш ұйымдастырылды. Ол қазақ мәдениеті, тарихы және шығыс халықтарының өмір салтын зерттеуде ерекше із қалдырған тұлға. Оның еңбектері — ұлт руханиятының асыл қазынасы. ✨ Шоқанның қайталанбас ғалымдық жолы жас ұрпаққа үлгі!
“Абыройлы ұстаз”аудандық  байқауы
28
ноябрь
2025
“Абыройлы ұстаз”аудандық байқауы
“Абыройлы ұстаз” аудандық байқауынан  бастауыш сынып мұғалімі Нуржакипова Маржан Бейсеновна 3-орынмен марапатталды.
Интернет технологиясы арқылы кітап оқуды насихаттау
28
ноябрь
2025
Интернет технологиясы арқылы кітап оқуды насихаттау
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 03.11.2025 – 28.11.2025 күндері аралығында интернет технологиясын тиімді пайдалану арқылы кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Мұғалімдер Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, шығармалардан алған әсерлері мен ой-толғамдарын ортаға салды. Әр қатысушы өз пікірін видео-жазба форматында бөлісіп, барлық бейнематериалдар ортақ онлайн платформада жинақталды. Сонымен қатар, мұғалімдер арасында мазмұнды