10
декабрь
2025
«Отбасы күні: біздің отбасымыздың өміріндегі кітап»
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектепте балалар мен ата-аналарды біріктірген мазмұнды отбасылық кітап мерекесі өтті. Іс-шараны ДТІЖО ашып, мерекенің мақсаты – кітап оқуға қызығушылықты арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту екенін атап өтті.
Кездесу барысында отбасылар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, балалар оқыған шығармалары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Викторина кезеңінде қатысушылар кітап кейіпкерлері мен отбасылық дәстүрлерге қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді. Ал шығармашылық сәтте отбасылар бірлесе сурет салып, кітап кейіпкерлерін бейнелеп, шағын қойылымдар ұсынды 🎭🎨
Мереке соңында белсенді қатысушылар марапатталып, әр отбасыға естелік сыйлықтар табысталды.
🔹 Нәтижесінде:Балалар мен ата-аналардың кітапқа деген қызығушылығы артты, отбасылар арасында мәдени және шығармашылық байланыс нығайды, іс-шара жоспарға сай сәтті өтіп, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.