Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалар қалай және нені оқуы керек?» ата-аналардың сауаттылығы сағаты
25
сентябрь
2025

«Балалар қалай және нені оқуы керек?» ата-аналардың сауаттылығы сағаты

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында алалардың оқу дағдыларын дамытуға бағытталған ата-аналарға арналған сауаттылық сағаты сәтті өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарды балалардың оқуын қолдаудың тиімді жолдарымен таныстыру, оқуға деген қызығушылықты арттыру және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Сауаттылық сағатына 1–7 сыныптардан 25 ата-ана қатысып, оқу процесін ұйымдастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында оқу дағдылары мен тиімді әдістер туралы презентация ұсынылып, «Балалар нені оқуы керек?» тақырыбында топтық талқылау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, үй жағдайында оқуды дұрыс ұйымдастыруға арналған практикалық кеңестер, шағын тренингтер мен әдістемелік материалдар таратылды.

🔹 Нәтижесінде: Ата-аналар балалардың оқу дағдыларын дамыту жолдарын меңгеріп, үйде оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар алды. Кері байланыс нәтижесі бойынша қатысушылардың 90%-ы сауаттылық сағатына жоғары баға берді. Кейбір ата-аналар балаларымен бірге қосымша оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: