Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
октябрь
2025

«Бес минуттық оқу»

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 02.10.2025 – 20.10.2025 аралығында оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргізілді. Сабақтарда іштен және мағыналық оқу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалып, мәтінмен терең жұмыс жасалды. Оқушылар мәтін мазмұнын талдап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізе білді.

Әр сабақта ұйымдастырылған «Бес минуттық оқу» оқушыларды жаңа мәтіндермен таныстырып қана қоймай, пікір алмасуға, талқылауға жетеледі. Нәтижесінде оқушылардың оқу белсенділігі артып, кітапқа деген қызығушылығы айқын байқалды 📖✨

Жобаның алға қойған мақсаттары толық орындалды. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау, іштен және мағыналық оқу дағдылары нығайды. Алдағы айларда оқу мәдениетін одан әрі дамыту мақсатында «Бес минуттық оқу» тұрақты түрде жалғасын табады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: