25
декабрь
2025
«Оқырман отбасы» атты отбасылық клуб
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдыру мақсатында мектебімізде «Оқырман отбасы» атты отбасылық клуб құрылды. Жобаның басты мақсаты – ата-ана мен баланы бірге кітап оқуға тарту, оқуға қызығушылықты арттыру және отбасылық қарым-қатынасты нығайту.
Клуб жұмысы жүйелі түрде ұйымдастырылды: апта сайын отбасылар бір кітапты бірге оқып, мазмұны бойынша пікірталасқа қатысып, қызықты сұрақтар мен викториналарға жауап берді. Ай сайын шығармашылық тапсырмалар орындалып (эссе, сурет, шағын қойылымдар), «Үздік отбасы оқырман» атағы бойынша сайыстар өткізілді. Сонымен қатар, кітап апталығы аясында отбасылар арасында жарыстар мен кітап көрмелері ұйымдастырылды 📖✨
1-жартыжылдық қорытындысы бойынша клубқа 8 отбасы қосылып, әр отбасы кемінде 2 мүшесімен белсенді қатысты. Апталық кездесулерде орта есеппен 1 кітап оқылып, 4 айда барлығы 12 кітап игерілді. Пікірталастар мен викториналарда ерекше белсенділік танытқан отбасылар марапатталды 🏆
🔹 Қорытынды: Клуб қатысушыларының 90%-ы кітап оқуға қызығушылығы артқанын көрсетті, ал ең бастысы – отбасылық қарым-қатынас нығайып, ортақ рухани құндылық қалыптасты.