12
январь
2026
«Оқырман достар» байқауы
«Балалар кітапханасы» жобасы мектеп кітапханасы мен сынып кабинеттерінде оқушылар арасында «Оқырман достар» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға барлық сыныптар белсенді қатысып, оқылған кітаптар бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті.Талқылау барысында оқушылар кітап мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, шығарманың басты идеясын анықтады. Әр сынып өз әсерін эссе, сурет, бейнероликтер арқылы шығармашылық тұрғыда көрсете білді 🎨📝🎥
Бұл байқау оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, бір-бірімен пікір алмасатын бірыңғай оқырман қауымдастығын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
🔹 Қорытынды: Шара мақсаты толық орындалды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Жеңімпаз сыныптар анықталып, дипломдар мен сертификаттармен марапатталды 🏆 Алдағы уақытта осындай оқуға бағытталған байқауларды тұрақты өткізу жоспарлануда.


