Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2024

Дулат Исабековпен шығармашылық кездесу

Мектеп қабырғасында көрнекті жазушы Дулат Исабековпен шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге оқушылар, жас мамандар және суретшілер қатысып, жазушыға сұрақтар қойып, оның шығармашылық жолы мен өмірлік тәжірибесі жайлы мазмұнды әңгіме өрбітті.

Іс-шара барысында жазушының «Гауһартас» шығармасы негізінде сахналық қойылым ұсынылды. Қойылымға жас мамандар мен оқушылар бірлесе қатысып, әдеби туындының мазмұны мен идеясы көрерменге әсерлі түрде жеткізілді 🎭

Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар автордың шығармаларымен жақын танысу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу қатысушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық белсенділігін оятты 📚

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: