Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2026

«Менің үй кітапханамның кітаптары» атты танымдық іс-шара

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Менің үй кітапханамның кітаптары» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен ата-аналарды кітап оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және үй кітапханасының маңызын насихаттау болды. Кездесу барысында 5–8 сыныптардан 30 оқушы мен 20 ата-ана белсенді қатысып, кітап арқылы ортақ байланыс орнатты.

Презентация бөлімінде балалар өздерінің үй кітапханасындағы сүйікті кітаптарын таныстырып, не үшін таңдағандарын әңгімеледі. Ата-аналарға балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру жолдары туралы пайдалы кеңестер берілді. Ал «Біздің үй кітапханасы» атты буккроссинг барысында отбасылар бір-бірімен кітап алмасып, оқуға арналған ұсыныстарымен бөлісті 📖✨

Іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлерін ортаға салып, әр отбасыға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

🔹 Нәтижесінде: Ата-аналар балалардың оқу дағдыларын қолдауға арналған нақты кеңестер алды, балалар сүйікті кітаптарын таныстыру арқылы оқуға деген ынтасын арттырды, ал буккроссинг арқылы отбасы мен мектеп арасындағы мәдени байланыс нығайды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: