11
декабрь
2025
«Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» атты челлендж
📚 «Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» челленджі
11 желтоқсан 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзің оқып, өзгеге тарту ет!» атты челлендж ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау.
Челлендж барысында оқушылар өздері оқыған көркем шығармаларын сыныптастарына таныстырып, мазмұнына шолу жасап, негізгі идеясын талдап, алған әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар кітаптың тәрбиелік және танымдық маңызын атап өтіп, оны өзгелерге оқуға ұсынды.
Іс-шара оқушылардың еркін сөйлеу дағдысын, әдеби талдау жасау қабілетін, сыни ойлауын дамытуға және пікір алмасу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Сонымен қатар, кітап арқылы құрдастар арасында оқу мотивациясын арттыруға мүмкіндік берді.
Белсенділік танытқан оқушылар мадақталды.