Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2025

«Оқуға құштар мектеп – табысты мектеп»

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектепте ата-аналарға арналған жалпы жиналыс өтті. Жиналыстың басты мақсаты – баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудың маңызын түсіндіру, мектеп пен отбасының оқырмандық мәдениетті қалыптастырудағы бірлескен жұмысын күшейту және оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мектептегі жұмыстармен таныстыру болды.

Жиналысты мектеп директоры С. Сайдикеева ашып, кездесудің тақырыбы мен мақсатын таныстырып, «Оқуға құштар мектеп – табысты мектеп» тұжырымдамасының мәніне тоқталды. Негізгі бөлімде ДТІЖО Г. Сералиев «Баланың оқу құштарлығын қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында баяндама жасап, үйде оқу ортасын қалыптастыру, ата-ананың жеке үлгісі және бірлескен оқудың маңызы туралы айтты.

Сонымен қатар, мектеп кітапханашысы С. Бухарова мектепте оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жұмыстарды таныстырып, оқырман клубтары, буккроссинг, «Отбасылық оқу», «Бір сынып – бір кітап» жобалары жөнінде ақпарат берді. Жиналыс барысында ата-аналар белсенді пікір алмасып, өз сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды.

📌 Қорытындысында ата-аналарға балалардың жас ерекшелігіне сай кітап таңдау, отбасылық оқудың тиімді формалары туралы ұсыныстар беріліп, алдағы бірлескен жұмыстардың бағыты айқындалды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: