Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сапарғали Бегалинге арналған көрме
26
ноябрь
2025
Сапарғали Бегалинге арналған көрме
Мектеп кітапханасында – Сапарғали Бегалинге арналған көрме! Бүгін мектеп кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушылар жазушының ең құнды еңбектерімен танысып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлкен үлесі туралы мол мағлұмат алды.
Ұлттық валюта күніне арналған көрме
18
ноябрь
2025
Ұлттық валюта күніне арналған көрме
📚 Ұлттық валюта күніне арналған көрме 15 қараша — Ұлттық валюта күні қарсаңында кітапханамызда арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында ұлттық теңгенің тарихы, дамуы және еліміздің экономикалық тәуелсіздігі үшін маңызы туралы материалдар ұсынылды. Кітапхана меңгерушісі С. Бухарова оқушыларға мазмұнды түсіндірме жұмысын жүргізіп, теңгенің енгізілу кезеңі мен бүгінде атқарып отырған рөлі жөнінде қызықты ақпараттармен бөлісті.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп буккросинг
17
ноябрь
2025
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп буккросинг
17 қараша 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп буккросингі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру және кітап алмасу дәстүрін дамыту. Осы бастама аясында мектеп кітапханасында арнайы «Буккроссинг» сөресі жасақталды. Буккроссингке 1–11 сынып оқушылары, педагогтер және ата-аналар белсенді қатысып, өз оқып шыққан көркем әдебиеттерін, танымдық және балаларға арналған кітаптарын арнайы
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бару
14
ноябрь
2025
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында 10-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Болмаған балалық» спектаклін тамашалады. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, театр өнеріне қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет пен сахналық өнер арқылы эстетикалық талғамын дамыту, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы мәдени байланысты нығайту болды. Қойылым барысында
Педагогикалық кеңес  «Сапалы білім- саналы ұрпақ»
29
октябрь
2025
Педагогикалық кеңес «Сапалы білім- саналы ұрпақ»
Педагогикалық кеңес «Сапалы білім- саналы ұрпақ» 1.І-тоқсандағы оқу-тәрбие үдерісінің қорытындысы: білім сапасы, бағдарламаның орындалуы туралы 2.Құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Тәуекел тобындағы және МІЕ тұрған оқушылармен жұмыстар туралы 3.Сынып журналдарын тексеру және тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы 4.Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі 5.2025–2026 оқу жылында аттестациядан өтетін педагогтердің тізімін бекіту.
Әдістемелік кафедралар  отырысы
29
октябрь
2025
Әдістемелік кафедралар отырысы
Әдістемелік кафедралар отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1. 2025-2026 оқу жылының 1-тоқсан қорытындысы; 2. Бағдарламаның орындалуын қадағалау; 3. ТЖБ/БЖБ жұмыстарына талдау жасау; 4. Үлгерімі төмен оқушылырмен жұмыс жоспарлау; 5. Пәндік олимпиадаларына қатысатын оқушыларды анықтау; 6. Күнтізбелік жоспарды тексеру; 7. Пән апталығын жоспарлау; 8. Түрлі мәселелер қаралды.
«Елім менің – Тәуелсіз Қазақстан!» атты патриоттық кітаптар көрмесі
20
октябрь
2025
«Елім менің – Тәуелсіз Қазақстан!» атты патриоттық кітаптар көрмесі
Республика күніне орай мектебімізде «Елім менің – Тәуелсіз Қазақстан!» атты патриоттық кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларымызға ұсынылған кітаптар туралы кеңінен ақпарат берілді. 📖 Көрме барысында оқушыларымыз еліміздің тарихына, Тәуелсіздікке жету жолындағы ерен еңбектерге, елін сүйген ер тұлғаларға арналған әдебиеттермен танысты. ⠀ 🔹Бұл шара жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, тарихи санасын қалыптастыруға бағытталды.
«Бес минуттық оқу»
20
октябрь
2025
«Бес минуттық оқу»
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 02.10.2025 – 20.10.2025 аралығында оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргізілді. Сабақтарда іштен және мағыналық оқу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалып, мәтінмен терең жұмыс жасалды. Оқушылар мәтін мазмұнын талдап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Әр сабақта ұйымдастырылған «Бес минуттық оқу» оқушыларды жаңа мәтіндермен таныстырып қана қоймай, пікір алмасуға, талқылауға жетеледі. Нәтижесінде оқушылардың оқу белсенділігі
Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум
15
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум
"Балалар кітапхана" жобасы аясында мектептің тәрбие жоспарына сәйкес ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, балалардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда отбасының рөлін күшейту мақсатында «Ата-аналарға көмек. Балаңызға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады. Оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері» тақырыбында ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикумы ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар-практикумға ата-аналар, сынып жетекшілер және мектеп әкімшілігі қатысты.
«Оқыған кітап – ортақ ой» атты челлендж
13
октябрь
2025
«Оқыған кітап – ортақ ой» атты челлендж
13 қазан 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Оқыған кітап – ортақ ой» атты челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және әдеби шығармалар арқылы өзара пікір алмасу негізінде зияткерлік әлеуетін дамыту. Челлендж барысында оқушылар өздері оқыған көркем әдеби шығармаларын таныстырып, мазмұнына қысқаша шолу жасады, басты кейіпкерлерге мінездеме беріп,