Алматы қаласы Білім басқармасының
"№162 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-38-84
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-38-84
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2025

«Мен оқыған кітап» тақырыбында дөңгелек үстел

04 желтоқсан 2025 жылы мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен оқыған кітап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және әдеби шығармаларды талдау арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Дөңгелек үстел барысында бастауыш сынып оқушылары өздері оқыған ертегілер мен балалар әдебиеті шығармаларын мазмұндап, сүйікті кейіпкерлері туралы әсерлерімен бөлісті. Орта және жоғары буын оқушылары классикалық және заманауи туындылар бойынша таныстырылым жасап, шығарманың негізгі идеясы мен тәрбиелік мәнін талдап, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне жан-жақты тоқталды.

Оқушылар кітаптан алған өмірлік сабақтарын ортаға салып, өз көзқарастарын дәлелдеп, мазмұнды пікір алмасу үлгісін көрсетті. Шара барысында қатысушылардың еркін сөйлеу мәдениеті, сыни ойлау қабілеті, шығармашылық белсенділігі мен әдеби талдау жасау құзыреттілігі айқын байқалды.

Ашық форматта өткен дөңгелек үстел өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: